Notice: Undefined index: id in /var/www/vhosts/auliekol-obkzh.kz/httpdocs/templates/shkola_it/index.php on line 72
Танцы - "Әулиекөл орталық аудандық балалар кітапханасы"
Кіру
AA+
Бiз туралы
Толығырақ

Әр парақшалары тартымды оқиғалар мен ғажайып әсерлерге толы Әулиекөл орта балалар кітапханасы сайтына қош келдіңіздер.

Әулиекөл ауданы әкімдігінің «Әулиекөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» ММ-де 3 балалар кітапханасы жұмыс жасайды: Әулиекөл орталық балалар, Аманқарағай балалар, Құсмұрын балалар кітапханалары.

Кітапханалардың жұмысы балалардың қызығушылығын, әдебиетке деген сұранысты зерттеу негізінде құрылған. Әулиекөл ауданының балалар кітапханалары 15 жасқа дейінгі балаларға (қоса алғанда), олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне, тәрбиешілеріне және балалар әдебиеті, мәдениет және ақпарат мәселелерімен кәсіби айналысатын басқа да пайдаланушыларға қызмет көрсетеді.

Балалар кітапханаларының негізгі мақсаты-балалардың интеллектуалдық және рухани өсуіне, өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттіліктерін қалыптастыру және қанағаттандыру, балаларды оқуға, әлемдік және ұлттық мәдениетке баулу, оқу мен кітаптың құндылығын насихаттау, балалардың қоғамның әлеуметтік-мәдени ортасына интеграциялануына ықпал ету.

Кітапханалар қызметінің негізгі бағыттары ҚР мемлекеттік саясатын, ҚР негізгі Заңын ақпаратпен және насихаттаумен байланысты жұмыс, Қазақстан халқының бірлігі факторы ретінде толерантты тілдік орта құру, өлкетану қызметі, салауатты өмір салтын насихаттау, экологиялық ағарту болып табылады.

Бұл сайт сиқырлы сөдермен бөлісу және сізді жаңа ашылуларға шабыт беру
мақсатында жасадық. Біздің белсенді оқырмандар қалымдастығына
қосылыңыз және ғажайып парақшаларына бірге саяхат жасайық.
Білімге және шытырман оқиғаларға деген сүйіспеншілікпен,
Әулиекөл орталық балалар кітапханасының ұжымы.

Рухани жаңғыру

Үйірмелер, курстар

Пайдалы ресурстар

Біз картада