Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі оқушыларымен Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысқан ардагерлермен тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға Ерішев Ғалымжан Әубәкірұлы, Жарбосов Жақсалық Бибосұлы, Ушаков Николай Борисович және Кабишев Василий Евгеньевич қатысты.
Кездесу барысында қонақтар Ауған соғысы кезіндегі әскери қызметтің қиындықтары, жауынгерлік тапсырмалар, сарбаздар арасындағы достық пен бауырмалдық туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті. Кеш барысында мектеп мұғалімі Искаков Б.С. домбыраның сүйемелдеуімен «Ауғанстан» әнін орындап, жиынға ерекше рухани әсер сыйлады. Ән мазмұны кездесудің тақырыбымен үндесіп, көрермендерге терең ой салды.
Оқушылар ардагерлерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, олардың өмірлік тәжірибесі мен ерлік жолы туралы әңгімелерін зор ықыласпен тыңдады. Кездесу барысында жастар батыр ағалардың тағылымды өмірінен өнеге алып, тарихқа деген қызығушылықтарын арттырды.
Тағылымды шара жас ұрпақтың жүрегінде отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, ел қорғаған ерлерге деген құрметті арттыра түсті.
