Кіру
AA+

Біздің тарих

Әулиекөлдегі кітапхана туралы алғашқы мағлұмат 1919 жылдан бері басталады. Бұл қарапайым ағаштан салынған үйшік еді, ішінде азғантай әдебиеті бар тақтайшадан жасалған сөрелері болды. Мұнда ересектер де, балалар да келді. Бірінші кітапханашы Чувилин болды. 1964 жылы аудандық балалар кітапханасы ашылды, оның кітап қорының негізі құрылыс отрядтарының студенттері сыйға тартқан кітаптар болды. Кітапхана бір "шағын үйшіктен" екіншісіне бірнеше рет көшіп-қонып келді, кітапханашылар жиһаз бен кітап қорын бірнеше рет тасымалдады.

1969 жыл. Қуанышты жыл - балалар кітапханасы үшін жаңа бөлме бөлінді. Бөлменің жалпы ауданы - 230 ш.м.: жеке абонемент, жеке оқу залы және кітап қоймасы болды. Сонымен қарбалас жұмыс басталды. Кітапханада әрдайым кішкентай оқырмандарға деген жайлылық пен мейірімділік орнады. Олар мұнда әдемі безендірілген көрмелерге, оқу залына дауысты оқылымдарға, оқылған әңгімелер, ертеңгіліктер, викториналарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Жылдар өтті... 1998 жыл.

Біздің кітапхана орталық аудандық кітапханамен бірге арнайы бөлінген үй-жайға көшеді. Балалар кітапханасына күн сәулесі түсетін бөлігі бөлінді. Біз бірінші қабаттың оң жақ қанатын түгелдей алдық, бұл абонементті ересек және кіші болып бөлуге, жарық оқу залын ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Қызметкерлер мен оқырмандардың бірнеше буыны өзгерді. Біз көптеген жылдар бойы жұмыс жасағаннан кейінқұрметті демалыста жүрген жандарға: Мачнева Ирина Викторовна, Непочатова Екатерина Петровна, Шерстнева Галина Евгеньевна шексіз алғыс білдіреміз.

Кітапханашылардың балаларға беретін мейірімділігінде шек жоқ деп айтуға болар еді. Олар жүректері лүпілдеп кітапханаға қарай жүгіретін кішкентай оқырмандарымыздың жан дүниесіне мәңгілік із қалдыра біледі. Бұл жерде оларды әрдайым күлімсіреп, жылы сөздермен қарсы алып, құшақ жая күтеді.