Бір ел бір кітап акциясы
14 ақпан күні Әулиекөл Илья Сьянов атындағы орта мектебінде Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжіметдиновтің шығармашылығына арналған әдеби кездесу кеші өтті. Бұл іс–шара "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылар акцияның тарихымен және екі көрнекті тұлғаның: жазушы, абайтанушы Тәкен Әлімқұлов пен ақын, Қазақстан Республикасының әнұраны сөздерінің авторы Жұмекен Нәжіметдиновтың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Кездесу соңында Ж. Нәжіметдиновтың "Аспан шақырады" кітабы мен Т. Әлімқұловтың "Қара жалды қасқыр", "Аңшы мен қыран" әңгімелеріне шолу жасалды.
Әулиекөл орталық балалар кітапханасы
Әулиекөл ауылы
Кітапхана 1964 жылы ашылған.
Штат бірліктерінің саны-4 бірлік.
Шығармашылық-3 адам.
Кітап қоры (дана) 8947 (мемлекеттік тілде – 3298)
Оқырмандар саны (адам) 1400
Келу саны (адам) 11500
Кітап беру (дана) 29500
Кітапхана мерзімді басылымдардың 24 атауын алады.
Материалдық-техникалық жабдықтандыру: компьютер – 1, ноутбук -1.
РАБИС бағдарламасы, интернет жұмыс істейді.
Кітапханада «Теремок» үйірмесі жұмыс жасайды, онда балалар өнер әлеміне – қуыршақ театрына қосылады. «Мен тұратын өлке» өлкетанлық жобасын және «Жазғы оқу-бұл шытырман оқиғалар!» жазғы оқу жобасын жүеге асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
«Жазғы оқу - бұл шытырман оқиғалар!» жағы оқу жобасы балалардың оқуын, оқу мәртебесін, жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің оқу белсенділігін арттыру; кітаппен қарым-қатынас жасау арқылы отбасылық бос уақытты жандандыру мақсатында құрылған.
«Мен тұратын өлке» өлкетанулық жобасын және өлкетану білімі мен өлкетану әдебиетін ілгерілетуге, өз Отанына, ауылына және оның тарихына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді.
Оқырмандармен жұмыс жасауда инновациялық әдістері мен көпшілікжұмыс түрлері үнемі қолданылады.
Барлық іс-шаралар шеберлікпен, стандартты емес тәсілмен ерекшеленеді. Іс-шараларды өткізу кезінде Әулиекөл ауыл мектептерінің педагогикалық ұжымдарының өкілдерімен белсенді ынтымақтастықта жүргізіледі.
Кітапханада Instagram, Tik-Tok, Одноклассники, YouTube әлеуметтік желілерінде парақшалары бар.
Аманқарағай балалар кітапханасы
Аманқарағай ауылы
Кітапханашы Карбаева Гүлфайза Қасымханқызы
Кітапхана Аманқарағай ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан
1973 жылы ашылды
Кітап қоры (дана) 5436 (мемлекеттік тілде 2023)
Оқырмандар саны (адам) 650
Келу саны (адам) 6500
Кітап беру (дана) 13650
Кітапхана мерзімді басылымдардың 16 атауын алады.
Материалдық-техникалық жабдықтандыру: компьютерлер-1.
Кітапханада «Өз қолымызбен ғажайыптар жасаймыз» үйірмесі жұмыс жасайды.
Мақсаты: сәндік-қолданбалы өнер сабақтары арқылы балалардың шығармашылыққа құндылық қатынасын қалыптастыру.
«Отбасылық оқу» жобасы
Міндеттері: балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылық ынтымақтастығын дамыту; отбасылық оқуды ақпараттық қолдау;
Құсмұрын балалар кітапханасы
Құсмұрын ауылы
Кітапханашы Сизоненко Татьяна Юрьевна
Кітапхана ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан.
1964 жылы ашылды
Кітап қоры (дана) 9220 (мемлекеттік тілге – 1854)
Оқырмандар саны (адам) 650
Келу саны (адам) 6500
Кітап беру (дана) 13650
Кітапхана мерзімді басылымдардың 16 атауын алады.
Материалдық-техникалық жабдықтандыру: компьютерлер-1.
Кітапханада «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс жасайды.
Мақсаты: халық өнеріне, сәндік – қолданбалы шығармашылыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға ықпал ету, адамгершілік және эстетикалық сезімдерін дамыту;