Кіру
AA+

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді. Жазушы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін Бердібек Соқпақбаевты оқуды бірауыздан қолдады.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.


«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында 2025 жылы оқу үшін жанр бойынша екі автор таңдалды:

Проза: көрнекті жазушы, ақын, сыншы және аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары;

Поэзия: әйгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 2025 жылы 90 жылдық мерейтойы өтілетін Жұмекен Нәжімеденовтің шығармалары.

Әулиекөл ОКЖ балалар кітапханасында акция аясында жұмыс жоспарына сәйкес: «Әйгілі қаламгерлер: Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов» әдеби рандеву (Әулиекөл ОКЖ); «Литературное созвездие талантов» кітапханалық бульвары ( Аманқарағай БК); «Бір дәуірлің екі дауысы» тақырыптық сөре өткізіледі. (Құсмұрын БК)


2024 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында оқу үшін көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың шығармалары ұсынылды. Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген.