Әулиекөл орталық балалар кітапханасында «Әулиекөл бастауыш мектебінің» жанындағы жазғы балалар лагерінің жас тобына арналған «Конституция – тәуелсіздік тұғыры» атты ақпарат сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Ата Заңы жөніндегі балалардың білімін кеңейту, оларды еліміздің негізгі құқықтық құжатымен таныстыру және құқықтық сауаттылықтарын арттыру болды. Шара барысында қатысушыларға Конституцияның маңызы, оның әрбір азаматтың өміріндегі рөлі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Балалар еліміздің Негізгі Заңының кейбір баптарымен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы білді.
Іс-шара аясында:
- Ата Заңның қабылдану тарихы,
- Оның құрылымы мен негізгі бөлімдері,
- Балалардың құқықтары мен міндеттері жайында қызықты мәліметтер ұсынылды.
«Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!» – деген жыр жолдары балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін оятты. Іс-шара соңында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, Ата Заң туралы өз ойларымен бөлісті. Бұл кездесу балалардың ел тарихы мен заңдарына деген қызығушылығын арттырып, азаматтық жауапкершілікті сезінуге үлкен септігін тигізді