Кіру
AA+

Әулиекөл орталық балалар кітапханасының кітапханашылары ерекше және қызықты «Әдеби шоколад» акциясын өткізді. Бұл іс-шара жас оқырмандарға интерактивті форматта көрнекті авторлардың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік берді.

Акция шарттарына сәйкес, балалар өздерінің сүйікті жазушыларының немесе ақындарының бейнесі бар кәмпитті таңдады. Ұсынылған авторлардың қатарында Абай Құнанбаев, Агния Барто, Жамбыл Жабаев, Сергей Михалков, Ыбырай Алтынсарин, Александр Пушкин және т.б. атақты тұлғалар болды. Кәмпитті таңдағаннан кейін оқырман өзі ұнаған автордың өлеңінен үзінді оқуы керек болатын.

"Әдеби шоколад" оқу мен поэзияны насихаттап қана қоймай, балаларға өз таланттарын көрсетуге, сонымен қатар әдебиет әлеміне тереңірек үңілуге, сүйікті классиктерінің шығармашылығының жаңа қырларын ашуға мүмкіндік берді.