Кіру
AA+

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Әулиекөл аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы И. Сьянов атындағы мектептің 7 - сынып оқушыларына Халықаралық шылымнан бас тарту күніне орай «Алкоголь мен темекінің зияны туралы» сұхбат әңгімелесу өткізді. Сұхбатымыздың мақсаты: өскелең ұрпақтың арасында шылым шегу мен ішімдікті азайту, халыққа адам денсаулығына зияны туралы ақпарат беру. Іс - шара сот процесі түрінде өтті. Оқушылардың арасынан сот төрағасы, хатшы, тарихшы, эколог, биолоог, химик, дәрігер - нарколог және айыпталушы тағайындалды. Оқушылар өз рөлдерін жақсы сомдап шықты. Сұхбатымызды сөзтізбек шешумен тәмәмдадық.