Кіру
AA+

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі мәселесі жыл сайын, әсіресе мектеп демалысы кезінде өзекті бола түсуде. Ересектердің мақсаты жас жаяу жүргіншілерді жолдарда қорғау және балаларға жол ережелерін үйрету. "Жазғы оқу – бұл шытырман оқиға!" жобасы аясында Әулиекөл балалар кітапханасында «Жол белгілері еліне саяхат = Путешествие в страну дорожных знаков» ойын–саяхаты өтті.

Іс-шара барысында балалар жол қозғалысы ережелерімен және жол белгілерінің мағынасымен ойын түрінде танысты. Балалар "көше", "жол белгілері" жұмбақтарын шешіп, "Бағдаршам", "жолер ежелері" ойындарын ойнады, іс-шара соңында "Ертегі жол құралдары" атты қызықты викторина жас оқырмандарға жақсы көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға аттас көрме ұйымдастырылды.