Кіру
AA+

Әулиекөл орталық балалар кітапханасының жас оқырмандарын қазақтың дәстүрлі «Шашу» салтымен қарсы алды. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Жүрек жылуымен бөлісіңдер»атты әдеби-сазды қонақжайда өтті. Іс-шара «Мен тұратын өлке» жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында балалар өлеңдерді ықыласпен оқыды, ал кітапхана қызметкерлері Ассамблеяның құрылу тарихы мен Алғыс айту күні туралы айтып берді. Жас қатысушылар үлкен қызығушылықпен және толқумен «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты интерактивті викторинасына қатысты. Ол бес кезеңнен тұрды: «Қазақтың салт-дәстүрлері», «Қазақ халық ойындары», «Халықтар достығы», «Қазақстан тарихы» және «Халық даналығы».
Іс–шараға «Ассамблея – бірлік пен ынтымақ нышаны» атты көрме дайындалып, онда Ассамблеяның құрылуы мен дамуы, сондай-ақ ұлттық мәдени орталықтар мен олардың қызметі туралы материалдар ұсынылды.