Кіру
AA+

Әулиекөл - табиғи ресурстардың байлығымен, үлкен экономикалық әлеуетімен танымал Қостанай облысының ең әдемі бұрыштарының бірі. «Мен тұратын өлке» жобасы аясында Әулиекөл балалар кітапханасы Шоқан Уалиханов атындағы 6 сынып оқушыларымен «Өз өлкеңді сүй, тарихыңды құрметте» атты өлкетану викторинасын өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы Әулиекөлдің тарихы, ақын жазушылары, ғалым, батырларымыз жайлы ақпараттарды әңгімелеп берді.

Оқушылар өздерінің туған жерінің тарихы бойынша викториналық сұрақтарға ойын арқылы жауап берді және картаға өздерінің білімдерін түсірді.