«Мен тұратын өлке» жобасы аясында өскелең ұрпақты туған өлкесінің тарихымен таныстыру мақсатында Әулиекөл балалар кітапханасында «Әулиекөл жерінің өмірі, тарихы, адамдары = Жизнь, история, люди земли Аулиеколя» атты сурет бояу және библиолото өтті. Іс - шара барысында кітапханашы Әулиекөл жері туралы аңыздарды, ата - бабаларымыз бұл жерді өмір сүруге құтты, киелі жер деп санағандығы туралы әңгімеледі. Жас оқырмандар Әулиекөл жері қасиетті деген сенімнің бар екендігі туралы біліп, ауылымыздың белгілі тұлғалары туралы әдебиеттер шолуымен танысты. Балалар үлкен қызығушылықпен библиолото ойнап, осы тақырыпқа арналған суреттерді бояды.