Кіру
AA+

Наурыз айы тамаша мерекелерге бай, оның ішінде ең бастысы Наурыз мейрамы. Наурыз – көктемнің, табиғаттың жаңаруының, жаңа жыл мен жаңа өмірдің басталуының мерекесі. Әулиекөл балалар кітапханасы ауданық мәдениет үйінде «Наурыз көктем, жыр – думан» мереке-шоу өткізді. Мереке барысында балалар салт-дәстүр бойынша викториналық сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар мен «Наурыз» сөзжұмбақтарын шешіп, мозаикалар құрастырып, «Наурыз көже әзірлеу», «Қыз қуу» және т.б. ойындарын ойнады. Іс-шара көңілді және танымды, жайлы жағдайда өтті.