Тың және тыңайған жерлерді игеру күнінің 70-жылдық мерекесіне орай Әулиекөл балалар кітапханасы «Мен тұратын өлке» жобасы аясында «Тың - бұл біздің тарихымыз» атты өлкетану сағатын жас оқырмандарға қатысушылардың тың және тыңайған жерлерді игеруге Отанымыздың дамуы мен гүлденуіне қосқан үлесін көрсету, өскелең ұрпақты тың игерушілердің даңқты дәстүрлеріне тәрбиелеу мақсатында өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы балаларды тың игеру тарихымен таныстырды, жас оқырмандар осы тақырыпқа арналған кроссвордтар мен ребустарды үлкен қызығушылықпен шешті.
