Кіру
AA+

Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді.

Тілдерге байланысты Әулиекөл балалар кітапханасы ауданның «Болашақ» стадионында жас спортшылармен «Егер адамдар дос болса, тілдер достасады» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушылар екі топқа бөлініп тіл туралы мақал-мәтелдермен жарысып, қазақ тілі жайлы қызықты деректерді айтып, өз ойларымен бөлісіп, пікір таласта жүзден-жүйрік, мыңнан-тұлпар оқушылар білімдерін ортаға салып жарысты.