Әулиекөл балалар кітапханасында қаңтар айынан бастап «Теремок» қуыршақ театрының үйірмесі жұмыс істейді. Сабақ барысында үйірме қатысушылары театр өнері мен қуыршақ театрының ерекшеліктері, ұлттық дәстүрге негізделген қойылымдардың нысандары мен сипаттары туралы білді. Қуыршақ көріністерінің нысандары қуыршақтардың әртүрлі түрлерімен және оларды басқару жүйесімен айқындалады. Кітапханашы қолғап қуыршақтарын мысалға келтіріп, театрмен байланысты мамандықтарды атады. Балалар назарына «Каляки-маляки» ойыны ұсынылды. Шара соңында балаларға «Қазақстанның алтын мұрасы» театрландырылған кітап көрмесінің видеоролигі көрсетілді.