Кіру
AA+

«10-шы аймақ ОҚИДЫ» облыстық акциясы аясында Әулиекөл балалар кітапханасында Бердібек Соқпақбаевтың шығармасы бойынша «Тентек бала Қожа = Озорной мальчишка Кожа» атты әдеби мерекесі өткізілді.

Шараға Әулиекөл бастауыш метебінің 3 сынып оқушылары, сынып жетекшісі Кендирова А., “Әулиекөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы” КММ ұстаздары Суюндикова К.М., Нуртазина К.Т., Джумабаева С.К., Турсынова А.Т. қатысты. Кітапханашы қатысушыларға шығарманың жазылу тарихы, авторы туралы мағлұматтар берді. Шара барысында қатысушылар барша әдебиет сүйер қауымның сүйікті шығармасына айналған туынды жайлы, оның кейіпкерлері Қожа, Сұлтан, Жантас, Жанар, Дәулет, ұстаздары Х. Майқанова, Рахманов, Қожаның әжесі мен анасы жайлы өз ой-пікірлерін айтып, режиссер А. Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көріп, “Қожаның Жанармен дойбы ойнауы” туралы сахналық көрінісін тамашалап, викторина сұрақтарына жауап берді.