Кіру
AA+

Әулиекөл балалар кітапханасы оқушыларды «сөз мәйегі-мақал» дегендей ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру мақсатында “Мақал-мәтелдер – халық даналығының көрінісі” атты фольклорлық сағат өткізді. Іс-шара барысына балалар екі топқа бөлініп, әр түрлі жағдайларға сөз тіркестерімен жауап беріп, тірек сөздермен мақал-мәтел құрастырып, викториналық сұрақтарға жауап беріп белсене қатысты.