Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің біртұтастығы мен егемендігін бейнелейтін оның ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай Әулиекөл орталық балалар кітапханасында «Рәміздер өлеңмен» атты поэтикалық марафоны өтті. Іс-шара барысында жас патриоттар өлең оқып, Отан туралы жұмбақтар мен викторина сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барысында оқушылар «Елтаңбада не бар» интерактивті ойынына белсене қатысып, «Қазақстан Туын» өз қолдарымен құрастырды. Шара соңында балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындап, «Кішкентай патриоттардың антын» қабылдады. «Елдің беті, елдің көркі – рәміздер!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.