Кіру
AA+

Халықаралық отбасы күніне орай Әулиекөл балалар кітапханасы оқырмандарға «Отбасымен бірге оқимыз!» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, «Отбасылық қолшатырдың астында» атты ойын бағдарламасын өткізді. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға «жанұя, отбасы» сөзінің мағынасын түсіндіріп, әрбір адам үшін отбасының маңыздылығы туралы айтып берді. Балалар «жанұя», «достық», «отбасы» жайлы өлең жолдарын оқып, мақалдар айтып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар, ребустар шешіп және т.б. ойындарға белсене қатысуымен шара өте қызықты өтті.