Әулиекөл балалар кітапханасы «Болашақ» стадионында жас спортшылармен «Осындай мамандықтар бар» атты іс - шара өткізді. Іс - шара барысында бапкерлер мен есепші балаларға осы мамандыққа қалай келгендері және бұл салаға келуге кім ықпал еткендері жайлы қызықты оқиғаларымен бөлісті. Кітапханашы туризм, ғарышкер, аспаз, тарихшы, мұғалім және де басқа мамандықтар туралы ақпарат берді. Оқушылар өздерінің болашақта қандай маман иегерлері болатындары жайлы ойларын айтты.