Әулиекөл орталық балалар кітапханасы 22 наурыз күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Нұр себеле Ұлыстың Ұлы күні» атты іс-шара өткізді. Іс-шара ойын түрінде жоғары деңгейде өтті, қатысушыларға жағымды әсер сыйлады. Барлық ойындар қызықты болды және достық қарым қатынасты қалыптастырды. Қатысушылар Наурыз дәстүрлері туралы көп нәрсені білді, ұлттық ойын, яғни « Қыз қуу», «Арқан тартыс», «Қой көтеру» т. б. ойындарда өз күштерін сынап көрді және викторина мен сөзжұмбақтарға белсенді қатысты.