Әулиекөл ауданы Қостанай облысының інжу-маржаны болып табылады. Бірегей дала кеңістігі, ормандар мен көлдердің сұлулығы, бай табиғи ресурстар және үлкен экономикалық әлеует. "Мен тұратын өлке" жобасы аясында Әулиекөл балалар кітапханасында "Өз өлкеңді сүй, өз тарихыңды құрметте" өлкетанулық викторина өтті. Кітапханашы іс-шара барысында Әулиекөл жері туралы аңызды айтып берді, ата-бабаларымыз бұл өлкені өмір сүруге үшін берекелі деп санады. Жас оқырмандар Әулиекөл жері қасиетті деген сенімнің бар екендігі туралы білді, сонымен қатар біздің ауылдың танымал тұлғалары туралы әдебиеттерге шолу жасады. Балалар туған өлкенің тарихы бойынша викторина сұрақтарына үлкен ынтамен және қызығушылықпен жауап берді!