Кіру
AA+

«Мен тұратын өлке» кітапханалық жобасы аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 - жылдығы қарсаңында Әулиекөл орталық балалар кітапханасында бірқатар іс - шаралар өткізілді:

Кеңес Одағының Батыры Илья Сьяновтың туғанына 120 жыл толуына орай оның есімімен аталатын орта мектептің 8 - 9 сынып оқушыларына арналған «Ұлы және мәңгі» тарихи сағаты өткізілді. Мерзімді басылымдардағы мақалаларға, очерктер мен кітаптарға сүйене отырып, кітапханашы Илья Сьяновтың өмірбаяныны туралы айтты. Оқушылар оның балалық шағы, қатардағы сарбаздан командирге дейінгі жолы, майдандағы ерекше еңбегі және ел тарихына әкелген ұлы құндылығы туралы білді. Кітапханашы мұндай батырларды есте сақтау және құрметтеу қаншалықты маңызды екеніне назар аударды, өйткені олар болашақ ұрпақтың бейбітшілігі мен бостандығын қорғап, алдыңғы қатарда болды.

«Ұлы Жеңіске - мәңгілік тағзым» патриоттық кітап көрмесінің материалдары Әулиекөл ауданының Кеңес Одағының Батырлары Сьянов И. Я., Баймағамбетов С. Б., Нечипуренко С. В., Нелюбов В. Г., Сальников М. С. батырлығымен таныстырды.

Ұлы Отан соғысы кезінде қазақстандықтардың неміс - фашистік басқыншыларға қарсы қалай соғысқаны туралы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момыш - ұлының «Біздің артымызда Мәскеу» кітабынан алынған фактілер куәландырады. Қазақ халқының даңқты қыздарының батырлығы қазақстандықтар үшін ерекше мақтаныш болып табылады. Әлия Молдағұлованың батырлығы туралы өлеңдер мен әндер жазылса, Мәншүк Мәметованың батырлығы туралы балалар Мақсат Тәж - Мұраттың «Мәншүктің белгісіз соғысы» кітабынан білді. Көрмеге келесі көркем әдебиет қойылды: Васильев Б. «Завтра была война», Симонов К. «Живые и мёртвые», Кошевая Е. «Повесть о сыне», Решин Е. Г. «Генерал Карбышев», Снегин Д. «В те дни и всегда», Васильев Б. «А зори здесь тихие», Катаев В. «Сын полка», Сухачёв М. «Дети блокады» және т.б. 

Тарихтың қаһармандық беттерін есте сақтау және өскелең ұрпақты Ұлы Отан соғысы туралы поэтикалық шығармаларды оқуға баулу үшін Әулиекөл балалар кітапханасының белсенді оқырмандары облыстық «Естелік дауысы» акциясына қатысты. Қатысқан оқырмандарымыз - Хавлагорова Василиса, Кушкимбаев Әнуар, Худякова Арина, Жазитова Индира және Замира, Хабдрахман Арузат, Бельгибаева Аяжан.

Осындай іс - шаралар арқылы біз батылдық пен батырлық туралы білім береміз, керемет күш пен құрбандықтың нәтижесінде қол жеткізілген жеңісті құрметтеуге және бағалауға үйретеміз.