Ұлы Отан соғысы біздің Отанымыздың тарихындағы ең қайғылы және ұмытылмас оқиғалардың бірі болып мәңгілікке қала береді. Дәстүрлі Жеңіс күні мерекесі қарсаңында И. Сиянов атындағы орта мектептің және С. Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназияның 5-сынып оқушыларына Әулиекөл балалар кітапханасында Қазақ халқының ержүрек қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына және біздің жерлестеріміз әулиекөлдіктер Нелюбов Василий Григорьевичтің 110 жылдығына және Михаил Степанович Сальниковтың 105 жылдығына арналған «Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі = Великий подвиг – пример для поколения» атты тарихқа саяхат өтті. Іс-шара барысында кітапханашы мұрағаттық құжаттарға, очерктерге, мақалаларға жүгіне отырып, батырлардың ерлігі жайында айтып берді, Яков Хелемскийдің Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналған өлеңінен үзінді оқыды. Балалардың назарына Димаш Құдайбергеновтың орындауындағы "Әлия" әнімен бейне-клип ұсынылды. Іс-шараға көрме ұйымдастырылды.