Кіру
AA+

Әулиекөл балалар кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында «Сөз құдіреті» байқауының бірінші кезеңі өтті. Байқауға Құсмұрын, Аманқарағай және Әулиекөл ауылдарынан 8 оқушы қатысты.

Қатысушылардың орындаушылық деңгейін келесі құрамдағы қазылар алқасы бағалады: Балықбаева Ш.Ш. – Әулиекөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы; Сатубалдина Г.Ж. – Әулиекөл аудандық кітапханасының кітапханашысы.

Байқау қорытындысы бойынша Навроцкая Анжелика мен Толкамбаева Амина «Мұра = Наследие» номинациясы бойынша жүлдеге ие болды. Досова Амира мен Кузнецова Маргарита «Үздік бейне = Лучший образ» номинациясында бейнені сомдаудағы шығармалық көзқарас үшін марапатталды. «Артистизм» марапатын Сайран Құлпынай, ал «Кітапхана таңдауы» номинациясын Чижик Олеся жеңіп алды. 2-орынды А. Амраеваның «Германия» туындысын орындаған Тюрина Виктория иеленді. Ал басты жеңімпаз иесі Хамзеұлы Айсаның «Қалам» туындысымен Ибраев Айдын болды. Ол біздің ауданымыздың атынан облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауында өнер көрсететін болады. Барлық қатысушылар грамоталар мен сыйлықтарға ие болып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.