«Летнее чтение: вот это приключение» кітапханалық жобасы аясында мектеп жанындағы лагерьге келушілер үшін бай бағдарлама өткізілді. Ол ертегі театры мен ойындарының элементтерін біріктірді. Іс-шара қазақ ертегісінен «Жыл басына таласқан хайуанаттар». Бұл қойылым қазақтың дәстүрлі жыл есебі мен хайуанаттар жылы туралы аңызға негізделген. Қойылымның басты тақырыбы – жыл басына таласқан хайуанаттардың бір-бірімен бәсекеге түсуі, өздерінің айла-амалдарын салып, әрқайсысының жеңіске жетуге ұмтылуы. Бірте-бірте жарық ағысы келіп, сахнада жануарлар дүниесі пайда болады. Әр жануар өзін таныстырып, өзінің ерекше қасиеттерін көрсетеді. Қойылым көрсетілгеннен кейін балалар сюжетті және кейіпкерлердің мінез-құлқын түсінуін тексеруге бағытталған интерактивті викторинаға белсене қатысты. Сонымен қатар, алған білімдерін бекіту және ұсақ моторикасын дамыту үшін балаларға ертегі кейіпкерлері бейнеленген пазл құрастыру ұсынылды. Бұл тапсырма топтық жұмыс дағдыларын дамытуға және зейінін шоғырландыруға ықпал етті.
Жоба балаларға жарқын әсерлер сыйлап қана қоймай, олардың интеллектуалдық, шығармашылық және тұлғалық дамуына қосқан құнды үлес болды. Ойын және ертегі арқылы балалар өз халқының бай мәдени мұрасымен танысып, талдау жасап, топпен жұмыс істеуге үйренді