Кіру
AA+

Әулиекөл балалар кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Кітапхана қонақтарды қарсы алады» атты экскурсия өтті. Кітапханашы ойын түрінде кітапхананы пайдалану ережелері мен кітапханаға жазылу ережелері туралы айтып берді. Балалар абонемент, оқу залы деген не екенін біліп, бөлімдер бойынша кітаптардың орналасуымен танысты. Іс-шара барысында балалар жұмбақтарды шешіп, «Ертегіні тап», «Ертегінің атын аяқта», «Кітаптар не ұнатады» ойындарын ойнады. "Ертегі кейіпкерлері" викторинасы балаларға позитивті әсер әкелді. Балалар кітапханашының орындауындағы «Жили-были книжки у Скворцова Гришки»  ертегісін  зор ықыласпен және қызығушылықпен тыңдады.