2025 жылдың 13 наурызында Әулиекөл орталық балалар кітапханасында ХІІ облыстық «Сөз құдірет» жас оқырмандар байқауының аудандық кезеңі өтті. Бұл байқау Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылды. Осы тамаша конкурс біздің ауданның жас таланттарына прозаның көркем орындау шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Биылғы жылы байқауға 11 жас қатысушылар қатысты, олар 2022, 2023, 2024 жылы «Таза бұлақ» жинақтарына енген авторлардың толық шығармаларынан үзінділер ұсынды. Қазылар алқасы құрамында: Әулиекөл өнер мектебінің театр бөлімінің мұғалімі, «Метаморфозы» театр ұжымының жетекшісі Сарьян Лейла Насибовна және Әулиекөл ауданы «AMANAT» партиясының филиалының атқарушы хатшысы Кажиева Асем Аманқосқызы қатысып, қатысушылардың жоғары дайындықтарын және таңдалған шығармалардың әртүрлілігін атап өтті. Шығармалар қатысушылардың кең әдеби эмоциялар мен стильдер спектрін көрсеткені байқалды.
Аудандық кезеңнің жеңімпазы болып 7 - сынып оқушысы, Ш. Шаяхметов атындағы Сұлукөл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Чеменев Владислав атанды. Екінші орынды Әулиекөл мектеп - гимназиясының Сұлтан Баймағамбетов атындағы мектебінің оқушысы Мағзум Ақнұр иеленсе, үшінші орынды И. Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сұлтанбек Қарақат жеңіп алды. Қалған қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша мадақтамалармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, бұл олардың шығармашылық және әдеби қабілеттерін одан әрі дамытуға қосымша ынталандыру болды