Жазғы демалыс – кітапханада ғажайыптар басталатын қызықты уақыт. "Жазғы оқу – бұлшытырман оқиғалар!" жобасы аясында Әулиекөл балалар кітапханасында балаларға қызықты және танымдық бос уақытты қамтамасыз ету, балалардың оқуға деген қызығушылығын дамытуға ықпал ету, оқудың жағымды ойын – сауық екенін көрсету мақсатында "Қыздар мен ұлдарға арналған кітаптардың дөңгелек биі" саяхат ойыны өтті. Іс – шарабарысында "Иә - Жоқ", "Көңілді бос сөз", "Мен сияқты жаса", "Өлеңді жалғастыр", "Ертегіні ұста" танымдық ойындар көңілді өтті.
Жа оқырмандар "Ертегі кейіпкерін ата" әдеби блиц-викторинасының сұрақтарына қызығушылықпен және зор ықыласпен жауап берді. Балалар шығармаларындағы жұмбақтарды болжау жас оқырмандардың эмоционалды реакциясын тудырды, бұл сергектік пен жақсы көңіл-күйге ықпал етті.
