Егемен еліміздің тәуелсіздігін ардақтау, құрметтеу, мақтан ету, жас оқырмандар бойындағы Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімді арттыру мақсатында Әулиекөл аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 9-сынып оқушыларына арналған «Күн астында гүлдей бер Қазақстаным» атты әдеби сағатын өткізді. Іс-шара әнұраннан басталып, барысында «Желтоқсан оқиғасы» атты бейнебаян көрсетілді, «Өнер алды - қызыл тіл» мақал – мәтелдер мен сұрақтарға белсене жауап берді. Сондай-ақ сөздік қорын байыту үшін «ҚАЗАҚСТАН» сөздің әр әрпіне түінді сөздер айтылды.