Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің 5-сынып оқушыларына арналған Әулиекөл балалар кітапханасының кітапханашылары «Қазақстанның өз жолы, өз болашағы бар» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара әнұраннан басталып, барысында «Анаграмма», «Пазл құрастыру» сияқты ойындар ойнатылып, «Ғажайып қоржынның» сұрақтарына белсене жауап берді. Құсайынова Жаңылсын, Бектемір Нұржан, Серік Аяжан Тәуелсіз елдің рәміздеріне арналған тақпақтар айтты. Сапар Ерназ бен Искаков Балғабай өлең айтып, домбырада күй тартты.
{gallery}temoha/2{/gallery}