Иван Андреевич Крыловтың туғанына 255 жыл толуына орай Әулиекөл балалар кітапханасында «Қанатты сөздің шебері» атты әдеби визитка өткізілді. Жазушының мысалдары оқырмандардың кең ауқымына жақын және түсінікті. Ол көптеген әңгімелерін халық тілінен, мақал-мәтелдерден, нақыл сөздерден алған.
Екі жүз жылдан астам уақыт бойы ересектер де, балалар да Крыловтың мысалдарын оқып келеді. Ұлы мысал жазушы өз туындыларында адамның зұлымдықтарын айқындай білген: айлакерлік, жағымпаздық, ақымақтық, жалқаулық және басқалар. Іс-шара барысында кітапханашы жас оқырмандарды жазушының өмірі және шығармашылығымен таныстырды. Балалар мысалшының шығармаларын жатқа оқыды. Балаларға ойын тапсырмалары ұсынылды: «Мысалды тап», «Жартыны жина», «Мысалды таңдап үзінді оқы», «Мысалды ата» және «Центон» ойыны үлкен қызығушылық пен толғанысты тудырды, центонды ашу ұсынылды – жаңа мысал (қандай қандай мысалдаран құрастырылған атау). Кітапханашымен бірге балалар ынтамен жаңа мысал құрастырды. Сондай-ақ, балалар "қанатты сөздерге" айналған Иван Андреевичтің мысалдарынан сөз тіркестерін білді және біз бұл сөздерді жиі қолданып жүрсекте, бұл сөздерді Крыловтың кейіпкерлері алғаш рет айтқан деп мән бере бермейді екенбіз. Іс-шараның қорытынды бөлімінде кітапханашы «Қанатты сөздің шебері» атты кітап көрмесіне шолу жасап, қаламгердің кейбір шығармаларын оқыды. Іс-шараға «Басни на все времена» презентациясы ұйымастырылды.