14 ақпан күні Әулиекөл Илья Сьянов атындағы орта мектебінде Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған әдеби кездесу кеші өтті. Бұл іс–шара «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылар акцияның тарихымен және екі көрнекті тұлғаның: жазушы, абайтанушы Тәкен Әлімқұлов пен ақын, Қазақстан Республикасының әнұраны сөздерінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Кездесу соңында Ж. Нәжімеденовтың «Аспан шақырады» кітабы мен Т.Әлімқұловтың «Қара жалды қасқыр», «Аңшы мен қыран» әңгімелеріне шолу жасалды.
