Ғарыштың бізден не жасырып тұрғанын ешкім білмейді. Адам ғарышқа аттану үшін көп күш жұмсады, ал енді ол жасырып жүрген барлық құпияларды білуге тырысады. Балалар кітабы апталығы аясында, ғарышкерлер күнін мерекелеу қарсаңында, ғарыштың даму тарихы туралы білімді кеңейту, КСРО мен Қазақстанның Тұңғыш ғарышкерлерімен танысу, ғарышты игеруде ізашар болып табылатын адамдар үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу мақсатында Әулиекөл балалар кітапханасы «Ғарыштың құпияларын ашайық» танымдық-ойын турнирін өткізді. Кітапханашы жас оқырмандарға, алғашқы ғарышкерлер туралы, олар ғарыш кеңістігін игерген кезде қандай сынақтарға тап болғаны туралы айтты. Іс-шара барысында балалар ғарыш тақырыбына байланысты жұмбақтар шешіп, «Ғарыш туралы сұрақтар мен жауаптар» және «Жұлдыздар дегеніміз не?» танымдық викторинасының сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді. Олар «Планеталар», «Кімнің ұшағы алысқа ұшады», «Бұл нені білдіреді?», «Жақсы көңіл-күйде зымыран ұшыру», «Ғарышкер креслосы», «Зымыран құрастыру», «Ғарышкерлер» ойындарын бар ынтамен және көңілді ойнады.