Кіру
AA+

Энергетикалық сусындар қазіргі әлемде нағыз сұранысқа айналғандай. Оларды қосымша энергия қажет болғандардың бәрі пайдаланады. Бірақ өкінішке орай, энергетикалық сусындардың ағзаға теріс әсерін білетіндер аз. Мұны білмейтіндердің арасында көп жастар мен жасөспірімдер бар. И. Сьянов атындағы мектептің жетінші сынып оқушылары үшін Әулиекөл орталық балалар кітапханасы «Энергетические напитки – скрытая угроза» атты шақыру сабағын өткізді. Шара барысында кітапханашы балалармен бірге энергетикалық сусындардың «артықшылықтары» мен «кемшіліктерін» талқылауға тырысты. Оқушылар сусындардың құрамында қандай ингредиенттер бар екенін және олардың адам денсаулығына қандай зиян келтіретінін білді. Энергетиктерді қолдану арқылы адам өз ағзасын алдап жатқанын түсінді. Олар шынымен сергітеді, бірақ бұл жасанды сергектік, оның үшін денсаулықпен төлеуге тура келеді.