5 наурызда Әулиекөл орталық балалар кітапханасының кітапханашылары Халықаралық дауыстап оқу күніне орайластырылған «10-шы аймақОҚИДЫ» облыстық акциясы аясында «И память о войне нам книга оставляет» атты әдеби-патриоттық сағат өткізді. Іс-шараға Сұлтан Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназиясының 9 «А» сынып оқушылары Әулиекөл аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Н.В. Яримова, тілдерді оқыту орталығының оқытушысы К.М. Суюндикова шақырылды. Ұлы Отан соғысы туралы балалар әдебиетінің үздік үлгілерінің шығармалары оқылды. Іс-шара барысында жас оқырмандар мен қонақтардың орындауында Б. Момышұлы «Батырдың үйі», Осеевой В. «Кочерыжка», Ильиной Е. «Четвёртая высота», стихотворение Жабаева Ж. «Ленинградцы, дети мои!» шығармаларынан үзінділер орындалды. «Төртінші биіктік», Ж. Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі және т.б. Оқырмандар шығармалардың үзінділерін қызығушылықпен оқыды, содан кейін оқылған оқиғаларды қызу талқылады, өйткені соғыс жылдарының тарихы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Іс–шараға «Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.