Кіру
AA+

Жаңа жыл қарсаңында Әулиекөл балалар кітапханасында С. Баймағамбетов атындағы мектеп гимназиясы мен И. Сьянов атындағы мектеп оқушылары үшін «Новогодние приключения сказочных героев» атты әдеби коллаж өткізілді. Іс-шараның басты кейіпкерлері – мысық Базилио, түлкі Алиса және Буратино оқушыларға жаңа жыл ертегісіне саяхат жасауға көмектесті. Балалар әдеби викторина сұрақтарына жауап беріп, жұмбақтар шешіп, ертегі пазлдарын құрастыра отырып, көңілді, әрі қызықты уақыт өткізді. «Теремок» театрының жас актерлері «По щучьему велению» атты қуыршақ спектаклінің жаңа жылдық премьерасын ұсынды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға тәттілер таратылды. Мерекеге жылдың ең үздік оқырмандары – 1-сынып оқушысы Ильенко Кирилл мен 5-сынып оқушысы Балакан Валерия шақырылды. Балаларға мақтау қағаздары мен кітаптар табысталды. «Теремок» театрының актерлеріне алғыс хаттар мен тәтті сыйлықтар берілді.