Кіру
AA+

Әулиекөл орталық балалар кітапханасының кітапханашысы білімді болуға, оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, тілін дамыту мақсатында «Біз оқимыз, біз ойнаймыз» атты жылжымалы кітап көрмесін «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Әулиекөл бастауыш мектебі» ММ жанындағы интернатында ұйымдастырды. Бұл іс-шара балалардың уақыттарын тиімді өткізуге, оқу мәдениетін дамытуға бағытталды. Көрмеге балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген, әртүрлі танымдық журналдар қойылды.