Кіру
AA+

 Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Әулиекөл балалар кітапханасында «Бір шаңырақ астында» этнографиялық мозаика іс - шарасы өткізілді. Бір шаңырақ астында, ортақ дастарханның басында Қазақстанда тұратын түрлі этностардың атынан шыққан балалар жиналды.
 Іс - шара барысында балалар қызықты ұлттық ойындарға қатысып, кроссвордтар мен жұмбақтар шешті. Мұндай белсенді әрекет ақыл - ойдың дамуына ғана емес, балалар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға да ықпал етті.
 Бұл күн әр түрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрлері бір-бірін біріктіріп, байытып, бірлік пен түсіністік атмосферасын құра алатындығының жарқын дәлелі болды.