Әулиекөл орталық балалар кітапханасы «Әулиекөл бастауыш мектебінің» 3 «А» сынып оқушыларымен «Библиотека волшебное место, где книгам не скучно, где всем интересно» атты экскурсия өткізді. Кітапханашы кітаптар, журналдар жинағымен таныстырып, кітаптардың қандай жүйемен орналасқаның, оларды дұрыс қолдану, қалай таңдау және абонемент пен оқу залында өзін қалай ұстау керектігімен таныстырып өтті. Балалар кітапхана туралы кітапханашының айтып берген қызықты әңгімелерін қуанышпен тыңдады. Іс-шара барысында олар ертегі кейіпкерлерін табуға, мақалдарды жалғастыруға, викторина сұрақтарына жауап беруге және мультфильмдердегі кейіпкерлерді сәйкестендіруге қызығып қатысты. Экскурсия өте көңілді әрі қызықты өтті.