Әулиекөл балалар кітапханасында Әулиекөл бастауыш метебінің оқушыларымен "Бір ел - бір кітап" жобасы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Балалық шаққа саяхат» атты әдеби сағат өткізілді.
Кітапханашы қатысушыларға жазушы Б.Соқпақбаевтың өмірбаяны мен шығармалары туралы мағлұматтар берді. Шара барысында қатысушылар барша әдебиет сүйер қауымның сүйікті шығармасына айналған туынды жайлы, оның кейіпкерлері Қожа, Сұлтан, Жантас, Жанар, ұстаздары Х. Майқанова, Рахманов, Қожаның әжесі мен анасы жайлы рөлдерді оқып, жақынырақ танысты. Сол кездегі мектеп өмірі мен қазіргі мектеп өмірінің айырмашылығы туралы өз ой-пікірлерін айтып, викторина сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға «Балалық шаққа саяхат» кітап көрмесі ұйымдастырылды.