Әулиекөл балалар кітапханасында «Жазғы оқу – бұл шытырман оқиға» жобасы аясында балалар А.С. Пушкиннің ертегілер әлеміне сиқырлы саяхат жасап, «Ертегілер неткен тамаша» атты әдеби ойынына қатысты. Шара барысында кітапханашы ақынның өмір жолымен қысқаша таныстырып өтті.
Балалар ақынның шығармалары бойынша «Сегіз аяқ» викторинасына қызығушылықпен жауап беріп, Пушкин ертегілерінде кездесетін қасиеттердің антонимін жазып, «Балықшы мен балық» ертегісіндегі әр кейіпкердің сөзін кейіпкерге сәйкестендіріп, ребустар шешті. Іс-шараға аттас кітап көрмесі ұйымдастырылып, балалар А.С. Пушкиннің кітаптарын тамашалап, өлеңдерін оқыды.