Кіру
AA+

Абай мұрасы – еліміздің бірлігі мен дамуына жол ашатын құндылық, Абай сөздерін ұстану - ел ретінде өркендеуге және мемлекет ретінде қол жеткізуге бірден-бір жол.

Ұлы Абай Құнанбаевтың тұлғасымен және ақынның шығармашылығымен танысу мақсатында Әулиекөл балалар кітапханасында «Абайдың сырлы әлемі = Таинственный мир Абая» әдеби сағаты өткізілді, қатысушылар қазақтың ұлы ақынының өмірі және шығармашылығымен таныстырылды, Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Күз» және т. б. өлеңдері оқылды. Іс-шараға «Абайдың сырлы әлемі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде тек Абайдың жазған кітаптары ғана емес, сондай-ақ Абай туралы жазылған туындыларда ұсынылды.