Балалар кітабы апталығы - балаларға оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, олардың шығармашылығын дамыту және кітаптардың қаншалықты қызықты болатынын көрсету үшін жасалған таңғажайып мереке.
Дәмді сейсенбі күнінде Әулиекөл орталық балалар кітапханасының «Библиокафе» іс - шарасына Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл ЖББМ 4 «А» сынып оқушылары қатысты. Бұл бірегей мәдени шараның мақсаты - кітап әлеміне деген қызығушылықты арттыру, оқырмандар арасында пікір алмасу және әдебиетке деген қызығушылықты ояту. Іс - шарада кішкентай оқырмандарымызға ерекше «Книгоежкалар мәзір» ұсынылды: фри картобын ұсынғанда оқушылар кітап пен оқу туралы мақал - мәтелдерді жалғастырды; бургерді бергенде таласа жұмбақтарды шешті; тәтті нан (кексті) және пиццаны көрсеткенде викториналық сұрақтарға жауап берді; винигрет салатында ертегі кейіпкерлерін тапты. Іс - шара жоғары деңгейде өтіп, балалардың көңілінен шықты.